Brent маркалы мұнай баррелі 50 доллардан түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ICE Futures Europe Лондон биржасының мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай баррелі бүгін 50 доллардан төмен деңгейде сатылып жатыр, деп хабарлады ресейлік ТАСС.

Тамызда жеткізілетін Brent  мұнайының баррелі қазір 49,73-49,96 доллар шамасында саудалануда.

Сауда барысында 6 маусымнан бері алғаш рет Brent маркалы мұнай  50 доллардан түсіп, апталық минимумға - бір баррель үшін 49,61 долларға дейін арзандады.

Жуырда ОПЕК  мұнай экспорттаушы елдер ұйымы әлемдік мұнай нарығы бойынша есебін жариялады. Онда 2016 жылғы мұнайға деген жаһандық сұраныс болжамы тәулігіне 94,18 млн баррель деңгейінде сақталған.  

 

Соңғы жаңалықтар