Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 31 доллардан төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда ICE биржасында 2016 жылғы ақпандағы жеткізумен Brent маркалы мұнайға фьючерс құны барреліне 30,8 долларға дейін, яғни 8 пайызға түсті. Бұл туралы биржа деректерінен байқауға болады, деп мәлімдеді ТАСС.
11 қаңтарда Мәскеу биржасының валюталық секциясында сауда-саттық нәтижесі бойынша рубльге шаққандағы доллар бағамы 1,94 пайызға, яғни 76,21 рубльге дейін артты, еуро бағамы 2,68 пайызға, яғни 82,78 рубльге дейін нығайды. 2016 жылдың басынан бастап Brent бағасы 12 пайыздан астамға түсті. Мұның аясында Мәскеу биржасында рубльге шаққандағы доллар бағамы дүйсенбі сауда-саттықтың ашылуында 2014 жылдың 16 желтоқсанынан алғаш рет 76 рубль белгісінен асты.