Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллардан төмен болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні әлемдік мұнай бағалары төмендеуін жалғастыруда, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллардан төмен болды, деп жазады ресейлік «РИА Новости».

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллардан төмен болды

Brent маркалы мұнайдың солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының бағасы 3,52 пайызға - бір баррель үшін 33,03 долларға төмендеген (бұған дейінгі сауда барысында бір баррель үшін 32,96 долларға дейін түскен).
WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 3,21 пайызға - бір баррель үшін 30,61 долларға дейін арзандады.