Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 41 долларға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың бағасы 7 наурызға қарай 6 пайызға дерлік өсіп, бір баррелі үшін 41 долларға жетті. Мұнай бағасы үшінші апта қатарынан өсіп келеді, бұл өткен жылдың мамыр айынан бергі ең ұзақ өсім кезеңі болып табылады, деп жазады РБК.
Лондондағы саудада Brent маркалы мұнайдың бағасы күні бойы өскен. Күндіз ол желтоқсаннан бастап алғаш рет бір баррель үшін 40 доллар көрсеткішінен асқан, ал жергілікті уақытпен сағат 21:05-ке қарай 41 долларды құрады.