Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы $47,24 дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтинентальды биржадағы саудада қыркүйек фьючерстерінің Brent маркалы мұнай баррелінің құны Астана уақытымен сағат 09:12-дегі жағдай бойынша 2,075%, яғни $47,24 дейін өсті. WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 1,821%, яғни $45,58 дейін көтерілді, деп хабарлады "Коммерсант".

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы $47,24 дейін көтерілді

Осыған дейін ОПЕК 2017 жылы мұнай нарығы бойынша болжамын жасады. Оған сәйкес шикізатқа деген сұраныстың артуы күтілуде. Ұйым мұны әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңеліп келе жатқанымен түсіндірді.  Болжам жарияланған соң мұнай бағасы 4% қымбаттады.