Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы $50,03 дейін өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу уақытымен сағат 6:54 жағдай бойынша Интерконтинентальды биржа саудасында Brent маркалы мұнай бағасы 0,620% өсіп - бір баррель үшін $50,03 дейін жетті. WTI маркалы мұнай бағасы 0,325% көтеріліп - бір баррель үшін $49,17 жетті, деп хабарлады «Коммерсант».
Еске сала кетейік, бейсенбі күні Венадағы саммитте ОПЕК мүшелері өндіріске жаңа шектеу қоюға келісе алмады. ОПЕК бір шешімге келу үшін уақыт керек, деді ұйымның бас хатшысының міндетін атқарушы Абдалла аль-Бадри, Ирандағы мұнай өндірісінің ұлғаюына және Ливия мен Нигериядан жеткізілетін мұнай көлемінің тұрақсыздығына сілтеме жасап.
Отырыста ұйымның жаңа бас хатшысы бекітілді. Бұл қызметті Нигерия өкілі, мемлекеттік мұнай корпорациясының бұрынғы басшысы Мухаммед Баркиндо атқаратын болды.