Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы $55,42 дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржадағы сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасына сәуірлік фьючерстер құны  0,668%-ға - барреліне $55,42 дейін көтерілді, WTI  маркалы мұнайға баға 0,874%-ға - $52,63 дейін өсті, деп хабарлады "Коммерсант".

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы  $55,42 дейін өсті

Сәрсенбіде еуропалық мұнай сұрпы соңғы үш аптадағы төмен мәнге қайта оралды. Сауда-саттық барысында баға белгілеу барреліне $51,5-54,44 дейін төмендеді.