11:35, 26 Мамыр 2017 | GMT +6
Brent маркалы мұнай баррелінің құны $51,16 болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрылықтық биржадағы сауда-саттық барысында Brent солтүстік теңіздік мұнай қоспасына шетелдік фьючерстер құны $51,16 құрады, деп хабарлады «Коммерсант».
WTI маркалы мұнайға шілделік фьючерстер құны - $48,53. Өзгерістер ОПЕК және ОПЕК-тен тыс елдерде 2018 жылға дейін мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәмілені ұзарту аясында орын алды. Уағдаластық өзгеріске ұшырамады. Елдердің квотасы сақталды. Атап айтқанда, ОПЕК-тің 13 мүшесі тәулігіне 32,5 млн баррель өндірмекші.