Brent маркалы мұнай құны барреліне $55,69 дейін көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржадағы сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуірлік фьючерстер құны 1,024%-ға - $55,69 дейін көтерілді, деп хабарлады "Коммерсант".
WTI маркалы мұнай бағасы 1,376%-ға - барреліне $53,07 дейін артты.
Сәрсенбіде мұнайдың еуропалық сұрпы соңғы үш аптадағы ең аз мәнге қайта оралды, сауда-саттық барысында баға белгілеу барреліне $51,5-54,44 дейін төмендеді.