11:01, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Brent маркалы мұнайдың бағасы 32,54 долларға дейін төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерқұрлықтық биржада сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнайдың сәуірлік фьючерс құны Астана уақыты бойынша сағат 09:22-дегі жағдай бойынша 2,612% - барреліне $32,54 дейін түсті. WTI маркалы мұнайға баға 1,364% - барреліне $29,32 дейін төмендеді, деп мәлімдеді "Коммерсант".

Кеше Ресей, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Катар бұл шешімді басқа мұнай экспортшылары қолдаған жағдайда, мұнай өндірісін қаңтардағы деңгейде ұстап тұруға әзір екендіктерін білдірді. Бұл жайында төрт елдің мұнай және энергетика министрлері Дохадағы келіссөз нәтижесі бойынша уағдаласқан. Кейіннен Ирак билігі де бұған қосылуға әзір екенін мәлімдеді. Әрі қазір ОПЕК өндіру деңгейі елеулі сұранысты арттыруда, сондықтан ұстап тұру квотасын қысқартпай нарықты ұсыныс көптігінен арылту мүмкін емес. Бұл жағдайда Иран өндірісті ұлғайту жоспарынан бас тартуы екіталай.