Brent маркалы мұнайдың бағасы 48 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешке Brent маркалы солтүстік теңізі мұнайының маусымдағы фьючерстерінің бағасы ICE биржасында 48 долларлық межеден асты.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 48 доллардан асты

Мәскеу уақытымен кешкі 21:47-де ICE Futures Europe биржасында маусымдағы фьючерс бағасы $48,06 болды, деп жазады РБК.

Бейсенбі күні кешке Нью-Йорктегі сауда-саттықта WTI мұнайының құны 45 долларлық межеден асты. Бұл соңғы 5 айдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Bloomberg.