Brent маркалы мұнайдың бағасының баррелі 30 доллар межеден төмен түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігінің шикізат қорының өсуі жөніндегі мәліметтеріне орай мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі шапшаңдады: сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда Brent маркалы мұнай 2004 жылғы ақпаннан бері алғаш рет баррелі 30 долларлық психологиялық межеден төмен түсіп кетті, деп хабарлады РИА Новости.

 Brent маркалы мұнайдың бағасының баррелі 30 доллар межеден төмен түсті

Астана уақытымен сағат 01.24-те солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының наурыз айына фьючерстерінің құны 3,04%-ға төмендеп, баррелі 30,01 долларға дейін құлдырады; бұдан бұрын ол алғаш рет 2004 жылғы ақпанда баррелі 30 доллар межеден төмен түсіп, 29,95 доллар болған еді. WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы 0,66%-ға арзандап, баррелі 30,24 доллар болды.