Brent маркалы мұнайдың баррелі 40 долларға жақындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында әлемдік мұнай бағалары өсіп жатыр, бұл туралы сауда мәліметтері куәландырады.

 Brent маркалы мұнайдың баррелі 40 долларға жақындады

Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) WTI жеңіл маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 1,81 пайызға өсіп, бір баррелі 36,57 долларды құраған.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері мамырда жеткізіліммен бірге 7,89 пайызға өсіп, баррелі 39,45 долларға көтерілді, деп жазады gazeta.ru.