10:11, 23 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Brent маркалы мұнайдың баррелі 65 долларға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,35 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 65,25 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,11 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 58,47 долларды құрады