11:00, 08 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Brent маркалы мұнайдың құны барреліне $53,01 дейін түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтиненталдық биржада сауда-саттық барысында Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасына ақпандық фьючерстер құны 1,736%-ға - барреліне $53,01 дейін түсті, деп хабарлады «Коммерсант».

WTI маркалы мұнай бағасы 2,064%-ға - барреліне $49,90 дейін түсті. Өткен аптада мұнайдың еуропалық сұрпына баға барреліне $50 деңгейінен жоғары көтеріліп, бірнеше айлық ең жоғарғы көрсеткішті жаңартты.