Brent маркілі мұнай баррелінің бағасы $38 төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркілі мұнай баррелінің қаңтарлық фьючерстері лондондық ICE биржасында 38 доллар көрсеткішінен төмендеді.

Brent маркілі мұнай баррелінің бағасы $38 төмендеді

Жұма күні бір уақытта мұнай баррелінің құны 37,94 долларды құрады. Кейін ол 38,01 доллар көрсеткішіне дейін көтерілді, бұл алдыңғы сауда сессиясындағы көрсеткіштен 4,3% төмен.

Қаңтарда жеткізілетін америкалық WTI маркілі мұнай баррелі жұма күні 2,5% - 35,85 долларға дейін арзандады.

Мұнай фьючерстері жұма күні 2008-2009 жылдардағы дағдарыстың ең төменгі көрсеткішіне дейін түсті.