Brent маркілі мұнай баррелінің бағасы 53 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркілі мұнайдың бір баррелінің бағасы 53 доллардан асты. WTI бағасы керісінше арзандап барады, деп хабарлады РБК.

Brent маркілі мұнай баррелінің бағасы 53 доллардан асты

Лондондық ICE Futures биржасындағы саудада 30 қаңтарда Brent маркілі мұнайдың бір баррелінің құны 53 доллардан асты. Наурыздық фьючерстердің ең жоғары бағасы $53,06/барр. жетті. Мәскеу уақытымен сағат 22:48 жағдай бойынша наурызда жеткізілетін Brent маркілі мұнай бағасы $52,17/барр. шамасында болды, бұл кешегі күнгі көрсеткіштен $3,04 қымбаттырақ.

WTI құны Нью-Йорктегі саудада керісінше төмендеуде. Мәскеу уақытымен сағат 23:06 деректер бойынша, WTI наурыздағы фьючерстерінің құны $47,49/барр. дейін төмендеді. Бұл 29 қаңтарда жабылған саудадағы көрсеткіштен $0,73 арзан.

Сарапшылар америкалық мұнайдың арзандауын АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының санымен байланысты деп отыр. 30 қаңтарда Baker Hughes компаниясы бұрғылау қондырғыларының санын 1,223 мыңға дейін қысқартатыны туралы хабарлаған. Бір аптаның ішінде олардың саны 94-ке кеміген.