Brent маркілі мұнайдың бағасы $54 асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы өсіп келеді, бұған ондағы көрсеткіштер дәлел, деп жазады Газета.ру.

Brent маркілі мұнайдың бағасы $54 асты

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,24%-ке өсіп, 49,21 долларды құрады.  

Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,44%-ке дейін артып, 54,73 долларды құрады.