Brent мұнайы Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты 95 долларға жақындады

АСТАНА. KAZINFORM - Әлемдік мұнай бағасы 3 қыркүйекте қатарынан үш сауда сессиясында өскеннен кейін аздап төмендеді. Соған қарамастан АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс және Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізіліміне төнген қауіпке байланысты баға жоғары деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды Reuters.

нефть қазиб олиш
Фото: Northern Journal

Reuters-тің соңғы мәліметіне сәйкес, Brent маркалы мұнай барреліне 94,57-95,07 доллар шамасында сатылып жатыр. Америкалық WTI мұнайының бағасы барреліне шамамен 90,51 долларға дейін төмендеді. Екі марка үшін де бұл соңғы төрт сауда сессиясындағы алғашқы төмендеу болды.

Бағаға қысым мұнай жеткізілімінің бірден үзілу қаупіне қатысты алаңдаушылықтың ішінара бәсеңдеуінен туындап отыр. Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы жағдай әлі де шиеленісті. Әлемдегі негізгі мұнай бағыттарының бірі саналатын бұл бұғаз арқылы кемелер қозғалысы шектеулі күйде қалып отыр. Иран белгіленген талаптарды бұзды деп есептеген кемелерге бақылауды да күшейтті.

Нарыққа әсер еткен тағы бір фактор — Ирактың мұнай экспортының артуы. Тамыз айында мұнай жеткізілімі тәулігіне 2,34 млн баррельге дейін өсті. Шілдеде бұл көрсеткіш 1,35 млн баррель болған. Бұл Таяу Шығыста мұнай жеткізілімі үзілуі мүмкін деген алаңдаушылықты біршама азайтады.

2 қыркүйекте Brent мұнайының бағасы АҚШ пен Иран арасындағы жаңа соққылар және мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылық аясында шамамен 1%-ға өскен еді.

Осыған дейін Иран бір аптада Ормуз бұғазы арқылы заңсыз өтпек болған 30 кемені тоқтатты. 

АҚШ Ирандағы ИРСК нысандарын шабуылдауын бастады.