Brent мұнайының бағасы төмендеп кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Brent мұнайының бағасы барреліне 69 АҚШ долларынан төмендеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

мұнай
Фото: pixabay

Лондондық ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының құны 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап алғаш рет барреліне 69 доллардан төмендеді.

Сағат 21:15–тегі жағдай бойынша Brent мұнайының құны 3,34%-ға — барреліне 68 доллар 67 центке дейін арзандады.

Сонымен бірге WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 65 доллар 38 центке дейін түсіп кетті.

Цена нефти Brent опустилась ниже $69 за баррель
Фото: Скриншот

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге 6 айға тыйым салынғанын жаздық.

Сондай-ақ, сәуірден бастап ОПЕК+ 8 елі мұнай өндіру көлемін біртіндеп арттыра бастайды. Бұл жайт Қазақстанға және жалпы мұнай бағасына қалай ықпал етуі мүмкін екенін сарапшылардан сұраған едік.

Соңғы жаңалықтар