Brent мұнайы бағасының баррелі 45,01 долларға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіде жетекші мұнай биржаларында сауда-саттық қорытындысы бойынша әлемдік баға көтерілді. Мұндай деректерді Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржасының сайттары таратты.

   Brent мұнайы бағасының баррелі 45,01 долларға көтерілді

Лондонда таяу айлардағы мұнай фьючерстерінің (Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Futures) орташа құны барреліне $45,01 (+0,39) құрады.

Таяу айдағы мұнай фьючерстерінің (Light Sweet Crude Oil келісімшартына New York Mercantile Exchange (NYMEX) орташа құны барреліне $44,32 (+0,54) құрады.