Brent мұнайы баррелінің құны 63,45 долларға дейін түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы апта басында белгіленген күрт өсімді қысқартып, төмендей бастады, деп хабарлады Утро.ru.

Brent мұнайы баррелінің құны 63,45 долларға дейін түсті

Лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайына маусымдық фьючерс сағат 08:31-де барелліне 63,45 долларға дейін - 0,53 (0,83%) долларға түсті. Бейсенбі нарықтың жабылуында фьючерс құны 0,66 (1,04 пайыз) долларға ұлғайып, барреліне 63,98 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында мамырда WTI мұнайына фьючерс бағасы барреліне 56,09 долларға дейін - 0,62 (1,09 пайыз) долларға түсті. Алдыңғы сессия нәтижесі бойынша келісімшарт барреліне 56,71 долларға дейін - 0,32 (0,57%) долларға қымбаттады.

Апта басынан бастап Brent құны 9,6 пайызға өсті. Бұл 2009 жылғы қазаннан бастап ең көп көрсеткіш болып табылады. WTI 8,8 пайызға қымбаттады