Brent мұнайына баға барреліне $60 көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма таңертең мұнайға әлемдік баға энергетикалық компаниялар шығындар мен өндірістік қуаттарды қысқартты деген жаңалықтардан кейін өсе бастады, деп хабарлады Росбалт.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:33-тегі жағдай бойынша сауда-саттық деректеріне сәйкес Brent маркалы мұнайға сәуірлік фьючерстің құны 1 пайыз өсімді көрсете отырып, барреліне 59,87 долларға жетті.
WTI маркалы мұнайдың құны наурыздағы жеткізіліммен 1,27 пайызға - барреліне 51,86 пайызға дейін өсті.
Кешеден бері мұнайға әлемдік баға 4,5% шегінде өскені байқалуда. Phillip Futures талдаушысы Даниэль Анганың пікірінше, мұнай бағасы өндіріс көлемі төмендемейінше, тұрақтамайды. Agence France-Presse хабарлағандай, ол сондай-ақ нарық «қара алтын» құнының өсімін жаңартуға әзір екенін атап өтті.