Brent мұнайының бағасы 2,88 долларға қымбаттады

АНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - 9 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,88 долларға қымбаттап, 115,94 доллар/баррелді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Brent мұнайының бағасы 2,88 долларға  қымбаттады

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы керісінше, 0,64 долларға арзандап, 104,35 доллар/баррелді шамалады.

9 наурызда жарияланған АҚШ Энергетика министрлігінің баяндамасына сүйенсек, 26 ақпан мен 4 наурыздың аралығындағы аптада елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 2,5 миллион баррельге өсіп, барлығы 348,9 миллион баррелді құраған. Ал стратегиялық мұнай қоры есептік аптада өзгермеген, 276,5 миллион баррель шамасында сақталған.

Ал мұнай жеткізуші негізгі елдердің бірі саналатын Ливияда Муаммар Каддафи армиясының авиациясы ел астанасы - Триполиден 580 шақырым қашықтықта орналасқан Эс-Сидер қаласындағы мұнай қоймасын бомбылады. Сондай-ақ, Ливия өкіметі артиллериясының мұнай қоймасына тартылған құбырға да зеңбірек жаудырғаны туралы да ақпарат бар. Тағы бір мәліметтер бойынша, елде үш мұнай қоймасы жермен-жексен етілген.