Brent мұнайының бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 65 доллардан асты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 1,2 пайызға өсіп, баррелі 65,12 долларға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 65 доллардан асты

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 2020 жылдың қаңтарында бір баррелі - 65 доллардан асқан еді.

Мәскеу уақытымен сағат 04:10-да Brent маркалы мұнай 1,7% -ға дейін өсіп, бір баррелі 65,46 доллардан сатылды.

WTI мұнайының бағасы 1,7 пайызға артып, 62,21 доллардан сатылды.