Brent мұнайының бағасы $49,20 дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайға әлемдік баға дүйсенбіде белсенді түрде өсу үстінде; WTI маркалы мұнайға 2015 жылғы 4 қарашадан бастап алғаш рет барреліне 48 доллардан асты, деп көрсетті сауда-саттық деректері.

Brent мұнайының  бағасы   $49,20 дейін көтерілді

Мәскеу уақыты бойынша сағат 4.54-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасына шілделік фьючерстер құны 0,2%-ға -барреліне 49,20 долларға дейін өсті.

WTI маркалы мұнайға маусымдық фьючерстер бағасы 0,9%-ға - барреліне 48,15 долларға дейін артты, деп хабарлады РИА Новости.