Brent мұнайының бағасы 50 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ICE Futures Europe биржасы мәліметтері бойынша, апта басындағы саудада Brent мұнайының баррелі 50 доллардан асты.
Дүйсенбі күні Brent жеткізу фьючерсі $50,30-50,68 аралығында сатылады, деп хабарлады ТАСС.
Мәскеу уақытымен 04:40-та келісім құнының баррелі - 50,37 долларды құрады, яғни бұл алдыңғы сессия жабылуындағы бағадан 2 цент қымбат.