10:48, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Brent мұнайының бағасы 53,65 долларға дейін түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтиненталдық биржадағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы қайта түсті.

"Коммерсант" хабарлағандай, солтүстік теңізде өндірілетін Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бір баррелі 2,404% - $53,65 дейін түсті. Дүйсенбідегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы 2015 жылдың 24 шілдесінен бері алғаш рет барреліне 55 долларға жеткен еді.
WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 2,332%-ға көтеріліп, 50,61 долларды құрады.