Brent мұнайының бағасы 55 доллардан төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік биржаларда мұнай бағасы күрт түсіп кетті. Лондонда сауда-саттықта Brent баррелі 54,67 доллар болды.

  Brent мұнайының бағасы 55 доллардан төмендеді

Америкалық WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерсі нью-йорктік NYMEX биржасында барреліне $44,84 болып өзгеріссіз қалды.

Сарапшылардың айтуынша, «қара алтын» құнының төмендеуіне әлемдік нарықта сұраныстардан ұсыныстың едәуір артуы ықпал етуде.