09:15, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Brent мұнайының бағасы барреліне 49,88 долларға дейін өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні бір апталық құлдыраудан кейін мұнайдың бағасы қымбаттады, деп хабарлады Утро.ру.
Лондон биржасында Brent мұнайының наурыз айына фьючерстік бағасы кеше кешкі 18 сағат 34 минутта 1,61 долларға артып, баррелі 49,88 долларға жетті. Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайының ақпандағы фьючерстік келісім-шарттарының құны 1,76 долларға көтеріліп, баррелі 48,01 долларды құрады.