Brent мұнайының бағасы барреліне 86 доллардан асты
АНКАРА. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні халықаралық биржаларда Brent маркалы мұнай баррелі үшін 86,14 доллардан сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Сейсенбі күні өткен соңғы аукционда аталмыш мұнайдың бір баррелінің құны 86,24 доллар болды.
7 тамыз күнгі таңертеңгі жағдай бойынша Brent мұнайы 0,11 пайызға арзандап, барреліне 86,14 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 82,75 доллар болды.