Brent мұнайының бағасы маусым айынан бері алғаш рет 51 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні түнде Brent мұнайының баррелі 51 доллардан асты. Бұл биылғы маусым айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

 Brent мұнайының бағасы  маусым айынан бері алғаш рет 51 доллардан асты

Лондондағы ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айына жеткізу фьючерстерінің құны барреліне 51,05 долларды құрады.

Бұған дейін бұл маркадағы баррель бағасы 23 маусым күні 51 доллардан асқан еді.

WTI маркалы мұнайының қыркүйек айына жеткізу фьючерстерінің құны 2,86% қымбаттады, яғни, бір бареллі 48,13 доллар.