Brent мұнайының бағасы соңғы он жылда бірінші рет 128 доллардан асты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Лондондағы ІСЕ биржасында биылғы жылдың мамырында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың баррелі 9,03 пайызға өсіп, баррелі 128,78 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы соңғы он жылда бірінші рет 128 доллардан асты

Бұл - Мәскеу уақытымен сағат 03.21 кезінде сауда алаңында тіркелген көрсеткіш.

Мұндай баға соңғы мәрте 2012 жылдың наурызында болған.

WTI маркалы мұнайдың бағасы 8,73% қымбаттап, баррелі 125,78 долларға жетті.