Brent мұнайының бағасы соңғы тоғыз жылда бірінші рет 116 доллардан асты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Лондондағы ІСЕ биржасында мамырда жеткізілетін Brent мұнайы фьючерстерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы соңғы тоғыз жылда бірінші рет 116 доллардан асты

Сауда-саттық қорытындысына көз салсақ, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 116 доллардан асқан.

Мұндай баға соңғы рет 2013 жылдың тамызында тіркелген болатын.