08:15, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Brent мұнайының бағасы жарты жылда алғаш рет 50 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бағасы 2015 жылдың 4 қарашасынан бастап алғаш рет бір баррелі үшін 50 доллардан асты, деп жазады Life.ru.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 50,02 долларға дейін өскен. WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,56 пайызға - бір баррель үшін 49,84 долларға дейін өсті.