Brent мұнайының бағасы жылдың максимумын жаңартып, бір баррелі үшін 62,61 долларды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың бағасы Сауд Арабиясының «қара алтынға» сұранысты өсіру туралы мәлімдемелерінде 2015 жылдың максимумын жаңартты, бұл туралы сауда мәліметтері куәландырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Brent мұнайының бағасы жылдың максимумын жаңартып, бір баррелі үшін 62,61 долларды құрады

Brent маркалы мұнайдың солтүстіктеңіздік қоспасының сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 0,7 пайызға өсіп, бір баррель үшін 62,05 долларды құрады. Бұған дейін сауда барысында оның бағасы бір баррелі үшін 62,61 долларға жетіп, биылғы жылдың бір баррелі үшін 62,5 долларды құраған максимумынан асты.

WTI жеңіл мұнайының сәуір айындағы фьючерстерінің құны 0,2 пайызға - бір баррелі үшін 50,61 долларға төмендеген. Бұған дейін Сауд Арабиясының мұнай министрі Әли әл-Наими (Ali al-Naimi) нарықтардың қазіргі кезде тыныш екенін, ал мұнайға сұраныстың бара-бара өсіп келе жатқанын мәлім еткен. Petromatrix талдаушысы Оливье Жакоб (Olivier Jakob) «Сауд Арабиясы үнінің өзгеруін» мұнайға әлемдік бағалардың өсуінің негізгі себептерінің бірі деп атады.