Brent мұнайының баррелі Грекиядағы референдумнан кейін 60 доллардан арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен түскенін сауда-саттық деректері көрсетті.

Brent мұнайының баррелі Грекиядағы референдумнан кейін 60 доллардан арзандады

Бұл туралы РБК жазады.

Bloomberg агенттігі атап өткендей, сауда-саттық барысында Brent бағасының баррелі $59,35-ке дейін түсуі елдің еуораймақтан шығу ықтималдығын білдіретін Грекиядағы референдум нәтижесінің аясында орын алуда.

«Грекиядағы жағдай сұранысқа белгілі бір деңгейде әсер етуде», - деп мәлімдеді агенттікке CMC Markets in Sydney жетекші сарапшысы Рик Спунер.

Кредиторлар ұсыныстары мәселесі бойынша референдум Грекияда жексенбі, 5 шілдеде өтті. Референдумға қатысқандардың 61 пайызы халықаралық кредиторлар шарттарын қабылдауға қарсы дауыс берді.