Brent мұнайының баррелі құны 41,97 долларға дейін төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерконтинентальдық биржадағы саудада қазан фьючерстерінің Brent маркалы мұнай баррелінің құны Астана уақытымен сағат 09:19-дағы жағдай бойынша 0,405%-ға, яғни 41,97 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды "Коммерсантъ".
WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,628%-ға, яғни 39,81 долларға дейін төмен түсті.