Brexit ЕО бюджетін 20 млрд еуро шығынға ұшыратуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы оның бюджетін €20 млрд көлемінде шығынға батыруы мүмкін. Бұл туралы бюджет мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Гюнтер Оттингер сілтеме хабарлады, деп жазады Gazeta.ru
Оттингер одақтың Brexit-ті аяқтағаннан кейін үлкен шығынға бататындығын ашық мойындады.
«Ұлыбритания енді бізбен одақтас емес, алайда олардың «таза» салық төлеуші болғанына қарамастан біздің бюджеттегі шығынның көлемі өскен, ол шамамен жылына шамамен €10-25 млрд құрайды», - деді шенеунік.
2017 жылы ЕО-ның бюджеті €157,9 млрд құрады. Еурпалық комиссия кейбір щығындардың орнын британдық үкіметтен ЕО-ға мүше ретінде өзіне алған кейбір міндеттемелерін орындауды өтіну жолымен жабуға болатындығын жеткізді.
Бұдан бұрын Британия Brexit-тен кейін ЕО-дан тыс 48 елмен сауда-саттықты нығайтуға ниетті екендіктерін хабарлаған болатын.