Brexit нәтижесі ЕҚДБ-ның Қазақстандағы қызметіне әсер етпейді - Джанет Хэкман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы Brexit нәтижесі Еуропаның қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметіне әсер етпейді. Бұл туралы банктің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман мәлім етті.
None
None

«Brexit нәтижелері Еуропалық банктің қазақстандағы қызметіне әсер етеді деп ойламаймын. Еуропаның қайта құру және даму банкі жан-жақты даму банкі болып саналады, банктің құрамында 67 мемлекет бар. Бұл елдердің арасында Еуроодақтың елдері ғана емес, АҚШ, Жапония, Австралия сияқты елдер бар»,-деді ол Астанадағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, еуропалық банк - Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Қазақстан Үкіметімен әріптестікті кеңейту туралы келісімге қол қойған соң, банк несиелеу мөлшерін жылына 700 млн долларға жеткізді. Қазірде еліміз бойынша банк 215 жобаға 6,7 млрд еуро инвестиция құйған.

Соңғы жаңалықтар