Brexit-тің жарты миллионнан астам қарсыластары жаңа референдум өткізуді талап етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қарсы топтар осы мәселе бойынша жаңа референдум өткізуді қалайды. РИА Новости агенттігі бұл жөнінде Біріккен Корольдік парламентінің сайтында петиция жарияланғанын хабарлады.
None
None

Жаңа плебесцит бастамашылары үкіметті  Brexit-ті қолдап немесе қарсы дауыс бергендер саны 60 пайыздан аз болса, бірақ қатысу үлесі 75 пайыздан төмен болса қайтадан дауыс беру ережесін қолдануға шақырды.

Бүгінгі таңда 515 мың 811 адам петицияға қолдау білдірген. Бұл қажетті 100 мың қол санынан бес есе көп.

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты референдумда аздаған ғана айырмашылықпен Brexit жақтастары жеңіп шыққан болатын. Ал ЕО мүшелігінен шығуды дауыс берушілердің 51,9 пайызы қолдаған. 

Соңғы жаңалықтар