Brexit туралы келіссөз тығырыққа тірелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ пен Ұлыбритания арасындағы Brexit бойынша келіссөздер тығырыққа тірелді. Бұл туралы Брюссельде өткен пікірталастың бесінші раундынан кейін Еуроодақ тарапынан келіссөз жүргізуші Мишель Барнье мәлімдеді, деп жазады Хабар 24.
None
None

Лондон Одақтан шығу үшін төленетін өтемақы сомасын айтудан бас тартқан. Мұны келіссөз жүргізуші «түсініксіз жағдай» деп атап өтті. Сондай-ақ бір аптадан соң Лондон мен Брюссель арасындағы сауда дауларын талқылайтын Еуроодақ Саммитине де дайын еместігін жеткізді. Ұлыбританиядағы еуропалықтардың жағдайы, Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы мәселелер де әзірге шешусіз күйінде қалып отыр.

«Біз тек техникалық мәселелерді талқыладық. Бірақ Ұлыбританияға қатысты өтемақы көлемі бойынша тығырыққа тірелдік. Бұл жобаға қатысушы мыңдаған еуропалық үшін алаңдарлық жағдай. Сондай-ақ салық төлеушілер де мазасыздануы мүмкін. Дегенмен британдықтар үшін Еуроодақта және еуропалықтар үшін Ұлыбританияда құқықтық кепілдіктер бойынша прогреске қол жеткіздік деп айта аламын», -  деді ЕО-дан Brexit бойынша келіссөз жүргізушісі Мишель Барнье.

«Көп іс атқардық, дегенмен, әлі де маңызды міндеттер жетерлік. Маусым айында қол жеткен маңызды прогрес туралы да айта кеткен жөн. Сотта азаматтардың құқығының кепілдігі  туралы келісімді таяу арада шешеміз деген ойдамын. Біздің одақтан шығуымыз Ұлыбритания мен Еурооадақтың болшақтағы қарым-қатынасы жайлы пікірталасқа байланысты болма және біз бұл үдерісті бастауға толықтай дайынбыз», - деді Ұлыбританияның ЕО-тан шығу бойынша министрі Дэвид Дэвис.

Соңғы жаңалықтар