Брейвик 77 адамды өлтіруін өзімді өзім қорғау деп есептейді
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - 77 адамды ажал құштырған норвеждік Андерс Беринг Брейвик бұл қылмысының өзін өзі қорғау болғандығын дәлелдемек,
деп хабарлайды Dagbladet. Брейвиктің адвокаты Геир Липпестадтың мәлімдеуінше, ол қорғауындағы адамның өтінішін орындауға заң бойынша міндетті және оқиғаның осылайша дамуы сотталушының жадайына кері әсерін тигізбейді.
«Әрине, мұндай қорғанышпен біз алысқа бармайтынымызды білеміз, бірақ оның ұстанымын қорғап шығу - менің парызым», - дейді адвокат. Оның айтуынша, сотта қорғаушылар Брейвикке өз позициясын түсіндіріп бере алатындай қылып сұрақтар қояды. Липпестад, сондай-ақ, қорғаушылардың соттағы басты міндеті Брейвик ұстанымын дұрыс түсіндіруге жұмылу екенін баса айтты.
Сот процессі Ослода 16 сәуір күні басталады. Жуырда өткізілген психиаторлық тексерістен кейін Брейвиктің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Оған өзі де қуанышты көрінеді. Бұдан бұрын ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын күштеп емдеуге ауыстырса деп келген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Брейвик 2011 жылы 22 маусымда Норвегияда екі теракт ұйымдастырған болатын. Алдымен ол Ослоның орталығында жарылыс ұйымдастырып, сосын Утойя аралындағы жастар алаңына барып, демалушыларды мылтықпен қырып салған еді. Содан кейін аралға полиция жеткен кезде, ешбір қарсылықсыз берілген болатын.
Өз ісін түсіндірген Брейвик осылайша Норвегия мен Еуропаның назарын соңғы кезде көбейіп кеткен мұсылмандардың миграциясына аудартып, өзі қауіпті деп санайтын мультикултурализмге қарсы шыққан түрі екен. ANB-NTB-ның хабарлауынша, дәл осы мультикультурализммен күрес Брейвиктің жасаған қылмысын өзімді-өзім қорғауым деуіне негіз болған екен.