Брейвиктің іске асыра алмаған қылмыстары болғаны анықталды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Норвегияда 77 адамның өмірін қиған лаңкес Андерс Брейвиктің ісін қарап жатқан соттың 4-ші отырысы аяқталды,

Брейвиктің іске асыра алмаған қылмыстары болғаны анықталды

деп хабарлайды caspionet.kz сайты.  

 Сот кеше қылмыскердің ойластырған, алайда іске асырмаған пиғылдары бар екеніне Брейвиктің өзінен белгілі болды.

Брейвик Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Гро Харлем Брундтландты ұрлап кетіп, кейін оның басын кесіп өлтіруді жоспарлағанын айтып берді. Сондай-ақ ол, «Осло қаласында бір емес, 3 бомба жармақ болдым»,- деп мәлімдеді. Айыпталушының айтуынша, 3 бомбаны бір мезетте алыстан басқарып іске қосу қиынға соғатындықтан одан бас тартуға тура келген. Өткен жылдың 22 шілдесінде Брейвиктің қойған бомбасы Ослоның орталығында жарылып, одан 8 адам қаза тапса, 209 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны белгілі. Дегенмен, оның басты қылмысы Утойя аралындағы жастар лагерінде 69 адамды атып өлтіргені болып отыр. Брейвик Утойяға келген кезде бұрынғы премьер-министр аралдан кетіп қалған екен. Әйтпегенде қылмыскер оның басын кесіп, бейнежазбаға түсіріп, оны таратпақ болған. Өзін кінәлі деп санамайтын қылмыскер сот мәжілісінде «зорлық-зомбылық өзіңнің алдыңа қойған мақсатқа жетудің бір құралы»,- деп мәлімдеді шімірікпестен. Брейвик сондай-ақ атыс-шабысқа құрылған компьютерлік ойындарға құмар болғанын айтып берді.