Бристольде жанармай бекетінде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды

None
None
БРИСТОЛЬ. ҚазАқпарат – Англияның Бристоль қаласындағы жанармай бекетінде қолында пышағы бар белгісіз біреу адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Independent басылымына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні сағат 7:30-ден өте Хенгров-Уэйдегі Esso жанармай бекетінде болған оқиға орнына қаруланған полиция мен қылмыскермен тілдесуші маман шақырылды.

Полицияның хабарлауынша, үш сағаттан кейін ер адам ұсталған.

Жанармай бекетінің қызметкерлері зардап шекпеген, олар қауіпсіз жерге жасырынып қалған.

Жеңіл жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер күдіктіні кісенмен алып кетер алдында гараждан қатты дыбыстар естіп, жарқыл көргендерін айтқан.

Эйвон мен Сомерсет полициясының мәлімдемесінде былай делінген:

«Бүгін таңертең біз Хенгров-Уэйдегі жанармай бекетіндегі оқиғаға байланысты ер адамды ұстадық. Тергеу жүріп жатыр».


Соңғы жаңалықтар