Британ әскерлері Ауғанстанда 2013-2014 жылға дейін болады - Ұлыбритания қорғаныс штабының бастығы

АСТАНА.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат  - Британ  әскерлері Ауғанстанда қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуді бақылауды  ауған күштеріне   «тағы алдағы 4-5 жыл  бойына»  бере алмайды. 

Британ  әскерлері Ауғанстанда  2013-2014 жылға дейін болады -  Ұлыбритания  қорғаныс  штабының бастығы

Бұл   туралы   Ұлыбритания Қарулы Күштері қорғаныс  штабының бастығы, авиация бас маршалы сэр Джон Стиррап мәлім етті.

Маршалмен  болған  сұхбатты бүгін  британдық  ВВС телекомпаниясы   хабарлады.

Сэр Джон Стиррап сондай-ақ,    қолда бар   ақпараттарға сәйкес,   «Әл-Кайеданың» барлық   содырлары мен  құрылымдары   Ауғанстан аумағын    тастап шыққанын және  қазір олар     «Пәкістанның     шағын  бір  ауданына»   орын тепкенін   хабарлады.