Британ азаматы 4 мың жылдық тостағанды 5 долларға сатып алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ азаматы тіс жууға қолданып жүрген тостаған 4 мың жылдық ескерткіш болып шықты. Бұл туралы livescience.com басылымы хабарлады.

Өзі сатып алған қыштан жасалған тостағанның жасы 4000 жыл екені Карл Мартиннің ойына да кіріп-шықпаған.

Базарда жүрген Карлдың тостағанға назары түседі. Сөйтіп оны құмырамен бірге 5 долларға сатып алады.

Бірнеше жылдан соң аукциондар үйіне жұмысқа орналасқан Мартин саудаға шығарылған лоттардың өзі тіс щеткаларын салатын тостағанға қатты ұқсайтынын байқап қалады. Сараптама кезінде оның осыдан төрт мың жыл бұрын Ауғанстан аумағында жасалғаны анықталды.

«Тостағанның Оңтүстік Дербиширдегі автомобиль базарына қалай барып қалғанын енді ешқашан біле алмайтын шығармын», - дейді Карл Мартин.

Соңғы жаңалықтар
telegram