Британ елшісі қазақша Құрбан айт мерекесімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браун қазақстандықтарды қазақ тілінде Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Елші қазақстандықтардың отбасына сүйспеншілік, бақыт және гүлдену тіледі.