Британ ғалымдары: динозаврлар метеорит құламай-ақ жер бетінен жойылып кетер еді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ ғалымдары жерге метеорит құлаудан бұрынырақ динозаврлар құрып кету алдында тұрды деп мәлімдеуде. Бұл туралы әлемдік БАҚ-тар хабарлайды.
Рединг университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуде, Бор дәуірінің соңына қарай (шамамен 66 млн жыл бұрын) динозаврардың көптеген түрлері жойылып бара жатқан деп көрсетілген.
Астероид құлағаннан кейін жер бетіндегі жанартаулардың белсенділігінің артуы жаңа болжамда айтылады, алайда ғалымдар апат алып жануарлардың құруы миллион жылға созылған үрдісіне нүкте қойды деп санайды.
Ежелгі кесірткелердің қаңқаларына кешенді зерттеу жүргізіліп, соның нәтижесінде олардың жалпы саны метеорит құлағанға дейінгі 50 млн жыл ішінде азайып бара жатқандығы анықталды. Оған динозаврлардың өзгеріп бара жатқан климатқа бейімделе алмауы себеп болған.