«Британ кварталындағы» өрттің шығу себебі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Британ кварталындағы өрттің шығу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Британ кварталындағы» өрттің шығу себебі анықталды

«Британ кварталындағы өрттің себебі - сақтандыру жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережесін сақтамау болып отыр. «BI Servis» ЖШС жұмысшылары үй шатырына жөндеу жасаған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның айтуынша, үйдегі өрт сөндіру жүйесі жұмыс істейді, брақ, шатырға орнатылмаған.

Айта кетейік, осыған дейін елордадағы элиталық үйлердің бірі - «Британ кварталында» өрт шықандығы туралы жазылған болатын.

Өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Үй тұрғындары төтенше жағдайлар саласының өкілдері келіп жеткенше өз бетінше қауіпсіз жерге эвакуацияланған.